Айдың 13-не сәйкес келетін жұма неге қауіпті?

Jan 19, 2025 - 21:55
 4
Айдың 13-не сәйкес келетін жұма неге қауіпті?

13, жұма: Бұл күні қандай оқиғалар болған?

13 саны ежелгі заманнан-ақ, бақытсыз болып саналған. Өйткені, жұма, 13-і күні Адам тыйым салынған алманы жеп, мұның салдары адамзат үшін ауыр болған.

1307 жылы 13 қазанда, жұма күні Филипп IV француз патшасының бұйрығымен тамплиерлер орденінің тас-талқаны шығарылып, оның мүшелері өлім жазасына кесілген.

1907 жылы 13-желтоқсанда британиялық "Томас Лоусон" кемесі опат болған.

1972 жылы 13-қазанда Мәскеуде Ил-62 жолаушылар ұшағы жерге құлап, 174 адам қаза болған. Бұл әлемдегі ең үлкен әуе апаттарының бірі.

2012 жылы 13-қаңтарда ішінде 4200 адам болған Costa Concordia лайнері апатқа ұшырады. Қайғылы оқиғадан 40 адам қайтыс болған.

1988 жылы 13-мамырда Jerusalem компьютерлік вирусының эпидемиясы басталды.

13, жұма: Бұл күні не істеуге болмайды, қандай тыйымдар бар?

Бұл күнді дәрігерлер, әсіресе хирургтар аса ұнатпайды. Олар осы күні ота жасауды жоспарламайды.

Сондай-ақ, бұл күн бірқатар маңызды істер үшін сәтсіз деп есептеледі. Мәселен, қаржылық операциялар, саяхат, үйлену тойын бұл уақытқа жоспарламаған жөн.

Бұл күні:

- Қатты қажет болмаса алыс сапарға шығудың

- Жол апаты көп болатындықтан, рөлге отырудың

- Үй немесе бақша өсімдіктерін отырғызудың

- Тырнақ алып, шашыңызды бояудың

- Жаңа жұмыс іздеп немесе жұмыс берушімен әңгімелесудің

- Ауыр медициналық процедуралар жасаудың

- Үйлену тойын белгілеудің

- Маңызды келісімдер жасап, қарыз алып, қарыз берудің

- Жұмыстан шыққан сәтте артқа қараудың

- Алкогольді сусындары бар көңілді кеш ұйымдастырудың қажеті жоқ.

13-күні жұмаға түссе көңіліңізді көтеріп, жаман ойлардан аулақ болыңыз. Жағымсыз энергиядан арылсаңыз күніңіз мерекелі де берекелі де болмақ.