Анестезия деген не?

Jan 19, 2025 - 09:39
 1
Анестезия деген не?

Емдеуші дәрігер жоспарлайтын операцияны қамтамасыз ету үшін АНЕСТЕЗИЯ  қажет.

Анестезия (обезболивание) – бұл дене сезімталдығын азайту. Әдетте, оны адам операция кезінде немесе қандай да бір медициналық процедураларда ауырсыну сезбеуі үшін қолданады. Міселен, тіс жұлғанда.

Ауырсыну - біздің мидың арнайы рецепторлардан түсетін импульстерге реакциясы. Егер бұл импульстер миға жете алмаса, онда біз ауырсынуды сезінбейміз. Анестезия міне осы үшін қажет.