Аман Төлеев қайтыс болды

Jan 8, 2025 - 14:27
 1
Аман Төлеев қайтыс болды

Ұзақ жылдары Ресейдің Кемеров облысын басқарған, қазақ ұлтынан шыққан қоғам қайраткері Аман Төлеев қайтыс болды. Бұл туралы  Telegram-арнасында Кемеров облысының қазіргі губернаторы Сергей Цивилев жазды.

Аман Төлеев 1991 жылы Ресейде өткен алғашқы президенттік сайлауда үміткер болды. 1990-1993 жылдары Ресейдің халық депутаты атанды. 1997 жылдан бастап 2018 жылдың 1 сәуіріне дейін Кемерово облысының губернаторы қызметін атқарған.