Алматыда тағы жер сілкінді

Jan 8, 2025 - 16:23
 2
Алматыда тағы жер сілкінді

Алматыда бүгін, сағат 09:52-де жер сілкінісі тіркелді. Сейсмологтар мәліметінше, бұл - Қытайда болған дүмпулерден кейінгі афтершок, деп хабарлайды "СТӘЭ" ЖШС.

Жер сілкінісі 15 ақпанда сағат 09:52:39-да тіркелді. Ведомство ақпаратынша, дүмпу ошағы Алматыдан оңтгүстік-шығысқа қарай 260 км жерде Қытай аумағында тіркелген. Қала тұрғындарына жер асты дүмпуі 2 балл болып сезілген. ТЖМ ақпаратынша, ғимараттарға зақым келгені немесе қирағаны туралы ақпарат жоқ, жағдай тұрақты. "112" және "101" жүйелеріне тұрғындардан қоңырау түспеген.