Алматыда коронавирус жұқтырған екінші жүкті әйел босанды

Jan 7, 2025 - 13:30
 2
Алматыда коронавирус жұқтырған екінші жүкті әйел босанды

Алматыда коронавирус жұқтырған жүкті әйел аман есен босанды. Балаға вирус жұқпаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жүктіліктің 36-аптасында келген келіншекті №1 аурухананың дәрігерлері босандырған. 

«Нәрестеден коронавирусқа тест алынды. Ол вирус жоқтығын көрсетті. Қыз бала қазір балалар бөлімінде жатыр», - деді стационардың бас дәрігері Сәбит Пазылов. 

Қазір анасы мен баласының жағдайы тұрақты. 

Айта кету керек, 15 сәуірде Алматыда тағы бір коронавирус жұқтырған келіншек босанған болатын. Салмағы 3 келі болып туған ұл бала да вирустан дін аман болып шықты.