Алматыда феминистер митингке шықпақ
Феминизм белсенділері әйелдерді кемсітушілік пен күш көрсету мәселелерін көтеру мақсатында митингке шықпақ.
Феминизм белсенділері әйелдерді кемсітушілік пен күш көрсету мәселелерін көтеру мақсатында митингке шықпақ. Ұйым мүшелерінің айтуынша, шара 28 қыркүйек күні «Сары-Арқа» кинотеатрының маңындағы саябақта өтеді. «KazFem» тобының белсенділері Facebook желісінде алматы билігі митингке рұқсат еткенін жазған.
«Бізге күнделікті өмірде кездесетін мәселелерімізді көтеру аса маңызды» - дейді феминистер.
«Митинг 28 қыркүйекке жоспарланып отыр. Жалпы тақырып – «Әйелдер құқығы». Тұрмыстық және жыныстық күш қолдану, әйелдер колонияларындағы күш көрсетулер, жезөкшелікке салынған әйелдер, әйелдер теңсіздігі мен кемсітушілік жайында сөз қозғайтын боламыз», - деп жазады топ мүшесі Вероника Фонова өз Facebook парақшасында.