Алматы әкімдігі тағы да 8 наурызда әйелдерге шеруге шығуға рұқсат бермеді

Біз берілмейміз және әкімдіктің шешіміне шағымдануды жоспарлап отырмыз...

Jan 16, 2025 - 16:46
 148
Алматы әкімдігі тағы да 8 наурызда әйелдерге шеруге шығуға рұқсат бермеді

Алматы әкімдігі әйелдерге 8 наурызда бейбіт шеруге шығуға рұқсат етпеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Ұйымдастырушылар қала әкімдігіне 13 қаңтарда Амангелді Иманов алаңында шеру өткізу туралы хабарлама жолдаған. Алайда 15 қаңтарда әкімдіктің шеру өткізуге рұқсат етілмегені туралы жауап келді. 

“Дүйсенбі, 13 қаңтарда, біз Алматы қаласы әкімдігіне 8 наурызда митинг өткізу туралы хабарлама мен шеру өткізуге өтініш жібердік.15 қаңтарда митингке рұқсат берілмегені туралы жауап алдық. Себебі ретінде "қоғамдық тәртіптің бұзылу қаупі" көрсетілген. Біз берілмейміз және әкімдіктің шешіміне шағымдануды жоспарлап отырмыз”, – деп жазды ұйымдастырушылар. 

Әкімдіктегілер шеру заң талаптарына сай келсе де рұқсат етілмейтінін айтқан.

“Бұл хабарлама "Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңның 10-бабының талаптарына сәйкес келеді. Дегенмен тәжірибе көрсеткендей, осы тақырыпта бейбіт жиындар өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу қаупі бар”, – делінген хабарламада.