Алматы базарындағы жаппай төбелес неден шыққаны анықталды
Алматы базарында төбелес шығарған сатушылар жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы базарында төбелес шығарған сатушылар жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі бойынша іс қозғады. Олар бұзақылық әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
«Ұсталғандардан алынған жауапқа сәйкес, олар базарда аяқ-киім сатумен айналысады. Тұрмыстық дау-дамайға сатушылардың бірінің екіншісіне тауарды (аяқ киім) бүлінген күйі қайтаруы себеп болған. Олар алдымен ұрысқан, кейін төбелесе бастаған. Құқықбұзушылар ұсталып, аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді», - деді Алматы қалалық Полиция департаменті.
Еске салайық, 6 сәуір күні таңертең Алатау ауданындағы базарлардың бірінде болған дау-дамайдың видеосы әлеуметтік желілерде тараған болатын.