Адамдармен қалй жақсы қарым-қатынаста болуға болады?
Қарым-қатынаста көркем мінезді болыңыз.
Адамады ізгілікке жетелейтін адами құндылықтардың маңызды жүйесі, тұлға аралық қарым-қатынастың дұрыс болуы. Адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау дегеніміз не? Жауабын білгіңіз келсе, жақсы қарым-қатынасты қалайтын болсаңыз, төмендегі кеңеске құлақ түріңіз:
1. Қызметтік қарым-қатынастар.
-
Қызмет бабында өз жеке мәселеңізді әріптестеріңізге айтпауға тырысыңыз. Неге? Өйткені өз жұмысымен басы қатып отырған әріптесіңіз сіздің әңгімеңізден жалығуы мүмкін.
-
Әріптесіңіздің көңіл-күйіне мән беріңіз. Көңіл-күйі жоқ болса мазасын алмауға тырсыңыз.
-
Егер сіз басшы немесе, орынбасар болсаңыз, үлкен жиналыстарда әріптесіңіздің жұмысы көңіліңізден шықпаса , жеке қабылдауға шақырып мән жайды түсіндіріңіз. Осы жерде мына төмендегі керемет сөзді есте сақтауға тырысыңыз.
-
- Сеніңше, ең жоғары адамгершілік қасиет не? - Біреуді ұялудан құтқару. Ф.Ницше.
-
Әріптесіңізбен жақсы қарым-қатынаста болу үшін, жылы сөз айтыңыз.
-
Сыйлық жасаңыз арада сыйластық пайда болады. Сыйлық жасау міндет емес. Тек шынайы көңілде екенін түсініңіз.
-
Әріптестеріңізге өз өмірбаяныңызды айтып, мақтана бермеңіз. Тыңдаушы әріптестеріңізде сіздің әңгімеңізден жалығып кетуі мүмкін.
2. Жеке қарым-қатынастар.
-
Өзіңіз дос тұтып жүрген құрбыңыз немесе, досыңыз болса айтыңыз. Сізді біле жүрсін.
-
Үлкеннің ақылын тыңдау, сөзге тоқтау, түлкен-кішіні сыйлау- инабаттылықтың көрінісі. Ғ. Мұстафин.
-
Үлкен кісі өз ақыл-кеңесін айтса аяғына дейін, бар ынтаңызбен тыңдаңыз.
-
Ата-анаңызбен сөйлескенде әдепті болыңыз.
-
Ата-ананың ақыл-кеңестері, өмірлік тәжірбиеден жинақталған тәлім-тәрбиесі мол құнды жақұтты сөздер. Айтылған кеңестерін қолдана біліңіз.
-
Үш адам тұрып екі адам өздігінен сыбырласуға болмайды,үшінші адам өзін ыңғайсыз сезінуі мүмкін.
-
Құрбыңызды қызықтыратын әңгімелер айтыңыз. Өзіңіз туралы көбірек айтсаңыз, құрбыңыз сіздің әңгімеңізден жалығып кетуі мүмкін.
-
Өзіңізді өзгелер сыйласын десеңіз, бірінші өзіңізді сыйлаңыз. Сосын өзгелерді сыйлаңыз.
-
Жақсы мақтауларды достарыңызға жиі айтып тұрыңыз.
-
Дөрекі болу- өз басыңның қадір-қасиетін ұмыту деген сөз. Н.Г.Чернышевский
-
Адами қарым-қатынастың маңыздысы қарым-қатынаста дөрекі болмай, кішіпейіл болыңыз.
-
Сізден кіші адам ақыл сұраса, қызғаншақтықпен жауап бермей қойған сұрағына шын көңіліңізбен жауап беріңіз. Мүмкін сіздің сол кісіге қайтарған жауабыңыз, өмір бойы есінде сақталуы мүмкін.
-
Жақсы қарым-қатынас әрқашанда өзгелерді қызықтыратыны рас. Өзгелерге үлгі болсын десеңіз, жүрегіңізді мейіріммен нұрландырыңыз. Сыйластығыңыз кішіпейілділіктен бастау алсын.
-
Жақын жандарды ренжіткен болсаңыз,татуласуға қадам жасаңыз.
-
Сіздерге сәттілік тілеймін. Іске сәт!
Дайындаған: ҚР "Қазақ психологиялық қоғамы" бірлестігінің мүшесі, психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы
Дереккөз : anabol.kz