Абаев ең сенімді кадрін Ақордаға алып келді

Jan 7, 2025 - 14:59
 2
Абаев ең сенімді кадрін Ақордаға алып келді

Мемлекет басшысының өкімімен Нұргүл Өсербайқызы Мауберлинова Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Тиісті өкім Ақорданың ресми сайтында жарияланды. Ал бұл қызметті бұған дейін атқарған Ғани Нығыметов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Нұргүл Мауберлинова Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары лауазымына жуырда тағайындалған Дәурен Абаевтың ең сенімді кадрі саналады. Бұл екеуінің жолдары 2012 жылы Президент әкімшілігінде түйіскен сияқты. 2016 жылы Н. Мауберлинова Дәурен Абаев басшылық ететін Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалған. 2018 жылдан бастап бүгінге дейін ол осы министрлікте  вице-министр лауазымын атқарып келген.