Ақша шақыратын ырымдар
Бақыт байлықпен тірелмейді дейді, десе де көршісіне ешкім ақшасын бере салмайды. Көптеген адамдар аөшаның шынымен де бақыттың бір бөлшегі екенін мойындайды.
Бірі ақша үшін — бұл жайлылық, тыныштық, өмір сапасы, қуаныш, рахаттану. Басқалары үшін - тек тірі қалу құралы.
-
Ақша оның күшіне сенетіндерге ғана келеді. Демек, жинақтаудың алтын ережесі: ақшаны алғыспен қабылдаңыз! Кез келген жерде тіпті автобус немесе дүкенде өз ақшаңыздың қайтарымын алып тұрсаңыз да, алғыс айтып алыңыз. Үйіңізге қуаныш, береке ақшаның арқасында келсе міндетті түрде рақмет айтыңыз.
-
Бос сөреле болмасын. Үйде бос сөре, шкафтың тұрғаны дұрыс емес, оларға әлдене қойып қойыңыз. Себебі олар келген ақшаны өзіне тартып тұрады екен-міс.
-
Табалдырыққа күміс қағу. (әркімнің өз еркі)Үйге кірерде «Мен үйге кіремін, ақша менің артымнан» деп кіріңіз.
-
Тырнағыңызды тек сейсенбі, жұма күндері алыңыз.
-
Ақшаны ашық жерде ұстамаңыз, олар қараңғы, көзден таса жерді ұнатады.
-
Ақшаны бір орында сақтау қажет, оларды әр қалтаға салсаңыз, қайда кеткенін білмей қаласыз. Сіз жаратқан жоқсыз, олардың аяқтары бар.
-
Көршіде ыдыс алғанда бос қайтармаңыз, ішіне бірнәрсе салып қайтарыңыз, сыйлағанда да солай.
-
Күн батқан соң қарызыңызды қайтармаңыз, қарызға ақша да бермеңіз.
-
Табалдырықта тұрмаңыз. Әйтпесе сәттілік пен берекеден айрыласыз.