Ағайындылардың арасындағы жанжалдан екі әлемдік спорттық бренд пайда болды

Jan 19, 2025 - 17:30
 4
Ағайындылардың арасындағы жанжалдан екі әлемдік спорттық бренд пайда болды

1924 жылы Адольф және Рудольф Дасслер спорттық аяқ киім өндірісіндегі әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылатын фирманы құрды. Бірақ екінші дүниежүзілік соғыстан кейін олардың арасында жанжал туындап, компания екіге бөлінеді. Адольф өз фирмасын Adidas (Adi Dassler), ал Рудольф — RuDa (Rudi Dassler) деп атады, кейінірек оны Puma деп атады. Осы екі фирмалар орналасқан неміс қалашығы қазіргі күнге дейін екіге бөлініп алған, ал тұрғындары бірін-бірі ұната бермейді.