Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстан президентінің Мәскеуге сапары жайында айтып, мемлекет басшысының отбасы жағдайына байланысты пайда болған түсініспеушіліктер туралы әңгімеледі деп хабарлайды Tengrinews.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың отбасылық жағдайы бірнеше апта бойы талқылануда.
Тілшілер әртүрлі кездесулерде президенттің саусағында сақинасы барын байқаған, Алайда Ақорданың ресми сайтында Тоқаевтың некеде тұрмағаны айтылған.
Бұл әңгімелерді естідім. Бірақ мен кейбір адамдардың көңілін түсіремін бе деп қорқамын. Білуімше, бәрі сөз етіп жүрген сақина - Қасым-Жомарт Кемелұлының мерейтойына арналған естелік сыйлық. Бұл неке жүзігі емес, президент екінші рет үйленбеген», - деді министр.