Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда атқарылатын шаруалардың шаш етектен екенін «Egemen Qazaqstan» және «Aiqyn» газеттеріне берген сұхбатында айтып берді.
Жібек жолы бойында жатқан Түркістан қаласын, өңірін жаңартып-жаңғыртуды уақыт оздырмай қолға алуы керектігін баса айтқан мемлекет басшысы: "Сапар барысында мен облыстың даму жоспарымен, жалпы жағдайымен мұқият таныстым. Алда атқарылатын шаруалар бастан асады. Ол шаруалардың барлығын асықпай-аптықпай, жүйелі, кешенді түрде атқаруымыз өте маңызды",- деп қорытындылады.