Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық «Egemen Qazaqstan» және «Aiqyn» газеттеріне берген сұхбатында бірқатар маңызды мәселеге тоқталып өтті. Ішкі және сыртқы саясатты қамтыған кең көлемді сұхбатта Қазақстанның басым бағыттары, әлеуметті толғандырған тақырыптар сөз болды. Мемлекет басшысы "Кейбір сарапшылар келешекте екіұдайылық орын ала ма деп қауіптенетін секілді. Бұл жөнінде не айтасыз?" деген сауалға былай жауап берді.
"Түрлі сәуегейлік жасаушылар бұрын да болған, қазір де, кейін де бола береді. Ең бастысы, біз биліктің ауысуын тұрақты жағдайда өткізе білдік. Тағы да қайталап айтамын, бұл ең алдымен, Елбасының парасаттылығы мен көрегендігін және халқымыздың даналығын көрсетеді. Біз әлемге өркениетті ел екендігімізді, жұртымыздың саяси мәдениетінің жоғары екендігін дәлелдедік. Кейбір мемлекеттердегідей алаңға шығып, шу көтерген жоқпыз. Бәрі заң шеңберінде өтті. Және мен де осы бағыттан ешқашан таймаймын және ешқандай «екіұдайылыққа» жол бермеймін",- деп Қ.Тоқаев.