Президенттің кітабын мәжбүрлеп сатуға көшті

C4E9F813-ADEC-4907-A077-248E2C7272EB_cx0_cy54_cw0_w1023_r1_s.jpg

 

Ашхабад мектептерінде оқушыларға ел президенті Гурбангулы Бердымұхамедовтің кітабын сатып алып, оны мектеп көрмесіне өткізуді талап етіп жатыр. Осылай деп Азаттықтың түркімен қызметі (Азатлык) хабарлайды.

"1 мамырдан бастап астананың барлық мектептерінде президент кітаптарының тұрақты көрмесі ашылмақ. Кітаптарды мектеп оқушыларына алуға міндеттеген. Мектеп басшылығы тиісті тапсырма берген", - деп хабарлаған Азатлыктың дереккөзі.

Президенттің әрбір кітабы шамамен 400 манат тұрады. (Түркіменстан Орталық банкі бағамы бойынша 1 доллар - 3.5 манат).

400 манат ата-аналардың бір айынығ жарты жалақысы. Біраз ата-ана мектеп әкімшілігіне шағым түсіріп барған екен. Бірақ ол жақтан 1 мамырға дейін оқушылар президент кітаптарын өткізуі тиіс деген нұсқау алған.

Гурбангулы Бердымұхамедов Түркіменстанды 2006 жылдан бері басқарады. 12 жыл ішінде оның 54 кітабы жарық көрді.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Туркестане прошел семинар по разъяснению выборного законодательства
  • Украина үшін ұшырылған көгершіндер қарға мен шағаланың шабуылына ұшырады
  • Күйеу бала. Ісі тастай Кеңес Рақышев
  • Димаш Құдайберген Ержан Максимге «Қазақша сөйле» деп ескерту жасады
  • Қытайда 40-қа жуық мемлекет басшылары кездесті
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: