Нұрсұлтан Назарбаев өзінің кеңсесінде бірқатар тағайындаулар жасады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы шешімімен оның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары:
Айдос Ыдырысұлы Үкібай - Елбасының баспасөз хатшысы;
Дандибаев Арслан Момышұлы - Елбасы хаттамасының бастығы;
Нұрлан Мұхтарбекұлы Ыбырайым - Ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің бастығы;
Қаймолдаев Нұрлан Жамбылханұлы - Құжаттама, қаржы және кадрлар бөлімі меңгерушісі;
Молдагаринов Асқар Мәуленұлы - Елбасы басқармасының бастығы хатшылығының меңгерушісі;
Томашов Эльдар Серикұлы - Елбасы көмекшісінің хатшылығының меңгерушісі.