Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен ҚР президенті кеңсесінің бастығы мен ҚР президентінің іс басқарушысы ауысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы президенті кеңсесінің бастығы болып Нұрлан Онжанов, ал ҚР президенттің іс басқарушысы болып Ерлан Баттақов тағайындалды.
"Нұрлан Баймолдаұлы Онжанов ҚР президенті кеңсесінің бастығы болып тағайындалсын, ол ҚР Президентінің көмекшісі қызметінен босатылсын.
Ерлан Еркінұлы Баттақов ҚР президентінің іс басқарушысы болып тағайындалсын, ол ҚР президентінің іс басқарушысы міндеттерін уақытша атқарудан босатылсын", - делінген қос жарлықта.
Айта кетсек, 2019 жылдың 19 наурызында Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатып, алты жыл сенат төрағасы болған Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мемлекет басшысы болды. Ол 20 наурызда салтанатты түрде Қазақстан халқына ант берді.