Бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайтында хабарланды.
"Қазақстан үкіметінің қаулысымен Әбілқасымова Мадина Ерасылқызы ұлттық экономиканың бірінші вице-министрі лауазымына тағайындалды", - деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.