Балаларға арналған пайдалы және зиянды ойындар

image_l (7).jpg

Қазіргі кезде балаларымыз бос уақытын тиімді өткізуге көмектесетін түрлі сәнді ойын-сауықтар туралы естіп жатамыз. Алайда олардың көпшілігі кері әсерімен қатар, денсаулыққа да тікелей зақымын тигізуі мүмкін. Сондықтан заманауи хобби мен әуесқойлықтың қайсысы бала психикасына сай келетінін анықтау керек. Алдымен баланың психикалық денсаулығына зиян келтіретін ойындардан бастайық. Компьютерлік ойындар Компьютерлік ойындар бала психикасына кері әсер ететіні ешкімге құпия емес. Оларды есте сақтау қабілетін және зеректігін жақсартатын позитивті қасиетті дамытуға қолдануға болады. Алайда өкінішке орай, кең таралған ойындар агрессия мен өшпенділікке итермелейді. Түрлі атысатын ойындар (мысалы, жауды табу және оны өлтіру) балаға шынымен жаудың бар екенін және оның көзін құрту керектігін сезіндіреді. 

Мұндай ойындардан соң автоматты түрде бала өзіне ұнамаған адамды жау санап, оған күш қолдануға немесе кемсітуге болады деп есептейді. Хардбол Хардбол қарудың түрлерін қолданатын әскери-спорттық ойынға жатады. Қарудың және оқтың түрлеріне байланысты ойын бірнешеге бөлінеді. Ойынның ережесі бойынша қатысушы зақымданудан қорғайтын арнайы жабдық киеді. Бұл ойын баланың «аңшылық ойлауын» дамытып, әрқашан жаңа құрбан іздеп тұрады. Мұндай ойындарды жиі ойнайтын балалар тез ересек адамға айналып қана қоймай, сонымен қатар өзімшіл және аяусыз адамға айналады. Экстремалдық спорт Мұндай хобби жасөспірімдерге сай келгенімен, қазір ол жасы кіші балалар арасында кең таралып келеді. Мұндай спорт тікелей жарақат алу қаупінен басқа ішкі қарама-қайшылыққа итермелейді. Келесі «биіктікті» бағындыра алмау немесе қиынырақ трюк жасай алмауы баланы түңілтеді. Содан соң бала аздап көңілі қалса да, өз эмоциясын ұстай алмай, ашуға жол беріп, бәрін қиратуы мүмкін.

 Кішкентай балаларға арналған қауіпті ойыншықтар Құбыжық, робот, пакимон және т.б шынайы емес тіршілік иесін қолданатын ойыншықтар да қауіпті. Мұндай ойыншықтар баланың ойында қоршаған ортаны қалыпты қабылдайтын түйсікті ығыстырады. Бұрмаланған түйсік баланы шынайылықтан ажыратып, оны қиял әлемінде ұстайды. Сол секілді қыз балалар кішкентайынан Барби қуыршағымен ойнап, олардың ойында әйел адамның дене пішімінің пропорциясы туралы дұрыс емес ұғым пайда болады. Жалғасы бар...
Дереккөз: massaget.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: