180 метр биіктіктегі шыны көпір
Экстрим, адреналинді сүйесіз бе, онда дереу Қытайға аттаныңыз. Себебі мұнда биіктен қорықпаймын дейтін адамның өзін қалтыратып жіберетін көпір бар. Хунань провинциясында жерден 180 метр биіктікте орналасқан көпір бастан-аяқ шыныдан тұрғызылған. Ол әлемдегі шыныдан жасалған ең ұзын көпір болып саналады. Бойыңыздағы үрейді жеңгіңіз келсе тау аңғарлары айнадай болып көрініп тұрса да тұп-тура 300 метрді жүріп өтуіңіз керек.
Әрине, оны құрастырған қытайлар ақымақ емес. Көпірдің барлық қауіпсіздік ережелері сақталған. Көпірдің шынысы кәдімгі шынылардан 25 есе қалыңдатылған және 8 баллдық жер сілкінісіне төтеп бере алады. Сондықтан көпір шытынап, сынып кетеді деп қорықпаңыз. Бір қызығы көпірдің үстінен айналадағы табиғаттың көрінісі көзге ерекше ұрады.