Әлемдегі ең жас саяхатшы
Вашингтон тұрғыны Кэсси де Пекол небәрі 27 жасында ең жас саяхатшы әрі әлемнің барлық еліне аяғы тиген алғашқы әйел ретінде рекордтар кітабына енген.
Бұл идея оған 25 жасқа толған туған күнінде келген екен. 196 мемлекетті аралап шыққан оның алғашқы саяхаты 2015 жылы басталған. Соңғы Йеменге саяхатын 2017 жылы ақпан айында жасаған.