Қордайдағы қақтығыс. Қаза тапқандардың саны 10-ға жетті

Jan 6, 2025 - 17:50
 4
Қордайдағы қақтығыс. Қаза тапқандардың саны 10-ға жетті

7 ақпандағы Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы жаппай төбелестен қаза тапқандардың саны онға жетті. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди айтты.

Қаза тапқандардың саны 10-ға жетті.  39 адам ауруханада жатыр. Зардап шеккендердің ішінде 5 полицей бар. Үшеуіне оқ тиген. Бірақ полиция қызметкерлері ешқандай қару қолданған жоқ, - дейді Алексей Калайчиди ОКҚ-да өткен баспасөз мәжілісінде.

ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаеваның айтуынша, 8 адам оқиға орнында қайтыс болған. Екеуі жансақтау бөлімінде жан тапсырған.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы қақтығысқа жол беріп, тәртіп сақтамағандар жазаланатынын айтқан болатын.