Қазақстандықтар жатқан лайнерде коронавирустан екі адам қаза болды
Жапония жағалауында төрт қазақстандық бар Diamond Princess круиздік лайнерінің екі жолаушысы короновирус жұқтырып, көз жұмды, деп хабарлайды Kazinform.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.
Бұл туралы жапониялық Эн-эйч-кей телеарнасы мемлекетік ақпарат көздерінің біріне сілтеме жасап хабарлады, алайда дереккөздің аты аталмайды. Телеарнаның хабарлағанындай, вирустың салдарынан мерт болғандар әйел мен ер адам. Екеуінің де жасы 80-нен асқан. Japan News твиттер аккаунтының мәліметтерінше (Жапониядағы беделді «Йомури» басылымымен байланысты), мерт болғандар Жапония азаматтары.