Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы өткізу пунктері тәулік бойы жұмыс істейді

24.03.2017 | 10:47

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында тағы екі өткізу пункті ашылады, ал жұмыс істеп тұрған үшеуі тәулік бойы қызмет көрсетеді, деп хабарлады Қазақпарат. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің Астанаға сапарында осындай шешім қабылданды.

"Өзбекстанмен арадағы шекарада қосымша екі өткізу пункті ашылады, қалған үшеуі тәулік бойы қызмет жасайды", - деді Қазақстанның инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбеков.

Министр Астанадан Ташкентке екі әуе рейсі қатынайтынын хабарлады. Бұның алдында Алматы-Ташкент, Ташкент-Алматы жолаушы пойызы іске қосылған еді.

 
Көрілді: 3253
Жаңартылған: 24.03.2017 | 10:50
Категориялар: Ынтымақ, Басты жаңалықтар