Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

«Оңтүстік – достық мекені»

17.10.2015 | 10:39
«Оңтүстік – достық мекені»

 

«Оңтүстік—достық мекені» жобасы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған  іс-шаралар жалғасын табуда. Соның бірі--Шымкенттегі облыстық орыс драма театры сахнасында түрлі ұлт өкілдері қатысуымен концерт қойылды
Облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының «Жастар орталығы» ұйымдастырған бүл шара «Бірлігі кемтіксіз ел» деп аталды. Оған облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов қатысты.
Кездесуде қаламыздағы этномәдени орталықтың өкілдері, жастар, студенттер мен БАҚ өкілдері болды. Шара барысында еліміздегі ішкі саяси тұрақтылық пен ынтымақ бірлікті қалыптастыру, достық қарым-қатынасты нығайту, кемел болашақты дамытуға үндеді.
Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы аясында жер-жерлерде атқарылып отырған игі істер мен еліміздің жеткен жетістіктері, алдағы атқарылар істерде бірлесе жұмыс атқаруға жастарды шақырды.
Ерлан Қуанышұлы белсенді қатысушылерге “Алғыс хаттар» табыс етті.

Осындай игілікті іс-шара Арыс қаласының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен қаладағы М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында ұйымдастырылды.  Кездесуге Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысының орынбасары Заңғар   Усупахметов, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Сейдулла  Исмаилов қатысып, Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы аясында еліміздегі ішкі саяси тұрақтылық пен ынтымақ бірлікті қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, достық қарым-қатынасты нығайтудың маңыздылығы, кемел болашақты қалыптастыруда жастардың рөлі туралы баяндамалар жасады.
Ұлтаралық татулықты нығайтудың маңыздылығын ашатын бейнеролик көрсетілді. Кездесуге қатысқан жастар көкейлеріндегі сұрақтарды қойып, тұщымды жауаптар алды.

ОҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ  және Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметтері.

 

 
Көрілді: 1096
Жаңартылған: 15.10.2015 | 14:48
Категориялар: Ынтымақ