Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Ақпараттық топ Ұлт жоспарын насихаттап жүр

13.09.2015 | 13:09
              Ақпараттық топ Ұлт жоспарын насихаттап жүр


   

Президенттің «100 нақты қадам»  Ұлт жоспары қоғамда қызу талқыланып келеді. Бірнеше мәселені қозғайтын жоспарды насихаттау жұмысы бүгінде әр өңірде жүзеге асырылып келеді. Бұған Оңтүстік Қазақстан облыстық Ассамблея хатшылығы да өз үлесін қосып келеді. Бірнеше аптадан бері облыстағы аудандарды аралап жүрген облыстық ассамблеяның жанынан құрылған ақпараттық- насихаттық топ өткен аптада Сарыағаш ауданының Біртілек, Абай, Жібек жолы, Дербісек ауылдық округтерінде болды.    

          Елбасының халыққа арнаған Жолдауын жəне 5 институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі " 100 нақты қадам " Ұлт жоспарын түсіндіру жұмыстарын топ мұнан кейін  Арыс қаласында жəне қалаға қарасты Ақдала, Қожатоғай ауылдық округтерінде жалғастырды.  Құрамында облыс əкімі аппараты басшысының орынбасары - облыстық Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов, облыс əкімі аппаратының "Қоғамдық келісім " коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  басшысы Ербол Байқонақов жəне облыстық татар - башқұрт этномəдени бірлестігінің төрайымы Ася Мухамедова, оның орынбасары Саима Ақбердиева бар жұмыс тобы " 100 нақты қадам " Ұлт жоспарының " Біртектілік пен бірлік " IV-реформасын түсіндіру мақсатында жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында М.Қалмұратов Жолдаудағы халықтың ауызбіршілік, ынтымақтастығын арта түсетін тармақтарына тоқталып өтті. Сондай-ақ  тұрғындардың көкейіндегі сауалдарына жауап берді. Насихаттық топтың өзге де мүшелері өз баяндамаларын көпшілікке ұсынды.

        Бүгінгі таңда аталған жұмыс тобы 9 ауданды, 53 елдімекенді қамтыды. Басты мақсат - жергілікті жерлердегі тұрғылықты халыққа мемлекеттік этносаясатты түсіндіру жəне насихаттау болып табылады.  Сұрақ - жауап түрінде өрбіп, тиісті дəрежеде өткізіліп келе жатқан кездесулер алдағы уақыттарда жалғасын табатын болады.

         Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылғына орай «Қоғамдық келісім» мекемесі этномәдени орталықтармен бірге отырып облыс көлемінде көптеген іс-шараларды ұйымдастырып келеді. Мәселен жоғарыда аталған мекеменің, Шымкент қалалық ішкі саясат бөлімінің, облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігі өкілдерінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы «Оқушылар сарайы» ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына орай түрлі этнос өкілдерінің арасында «Менің Қазақстаным» фестивалі жоғары деңгейде өтті.  Фестивалдің негізгі мақсаты - облыс тұрғындары арасында халықтық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді насихаттау, түрлі этнос өкілдері жастарына мемлекеттік тілді насихаттау және оларды патриотизмге тәрбиелеу, этносаралық қатынас пен келісімді нығайту. Фестивальге барлығы 25 үміткер қатысты. Ереже бойынша байқауға кәсіби орындаушылар емес, әуесқой орындаушылар қатысып, жанды дауыста ән айтты. Қазылар алқасының шешімімен бірінші орынды «Ұлттық ән» номинациясы бойынша өзбек этномәдени бірлестігінен қатысушы Аброр Махкамов және «Ұлттық би» номинациясы бойынша түрік этномәдени бірлестігінің би тобы жеңіп алды. Екінші орынды «Әжелер» ансамблі мен жеке орындаушы Жақсыбай Оңалбекұлы алса, үшінші орынды поляк этномәдени бірлестігінен Владислав Пампуров пен ардагерлер хоры иеленді.

            Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Ербол Байқонақов фестивальді қорытындылап сөз сөйлеп, жеңімпаздарға арнайы дипломдар, алғыс хаттар, бағалы сыйлықтар табыс етті. Сонымен қатар, қатысушылардың барлығына ынталандыру сыйлықтары берілді.

А.Асанқызы.

 
Көрілді: 1081
Жаңартылған: 13.09.2015 | 13:11
Категориялар: Ынтымақ, Басты жаңалықтар