Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

«Ынтымақтың» ынтымағы берік

11.08.2015 | 16:59
                                      «Ынтымақтың» ынтымағы берік


       

          

                     Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толып отыр. Мерейлі датаға орай жақында оңтсүтікқазақстандықтар ерекше шара өткізіп, Алатаудың   биік шыңдарының біріне «Ассамблея шыңы» деген атау берген еді. «Бұл біздің таулар» фестивалі аясында өткен шараға «Ынтымақ» этносаралық мәдени орталығы да белсене араласты.

        Татулықты ту етіп отырған «Ынтымақ» этносаралық мәдени орталығының облыс үшін орны бөлек. Себебі өзге өңірлерде мұндай қазақ ұлттық мәдени орталығы жоқ.  Оңтүстік Қазақстан облы­сын­да 20 этномәдени бірлестік бар болса «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігі солардың басын біріктіру үшін жұмыс істейді. 1986 жылы қазақ ұлттық орталығы болып тіркелген қоғамдық ұйым 2004 жылы «Ынтымақ» этносаралық мәдени орталығы болып қайта тіркелді. Орталық қоғамдағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісімді нығайту, ұлттық сал-дәстүрлер мен мәдениетімізді кеңінен дәріптей отырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру сияқты маңызды міндеттерді жүзеге асырады.  Оның жұмыс жоспары мәдени-этнографиялық даму тарихы­мыз­ға негізделген. Оңтүстік Қазақстан облысында жиырма этномәдени орталық бар болса  сол орталыққа мүше жандардың барлығы «Ынтымақтың» жұ­мысына белсене араласады. Қа­ладағы мекемелермен, түрлі оқу орындарымен, саяси партиялармен, әкімдік жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі ко­миссиямен, «Қызыл Ай» қо­ғамдық, «Қорған» балалар қор­лары­мен бірлесіп, даталы күн­дерге орай мәдени іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Орталықтың мемлекеттік тілді дамытуда, мәдени мұрамызды насихаттауда атқарып келе жат­қан жұмыстары мазмұнды­лығы­мен, жастарға патриоттық тәр­бие беруде ұтқырлығымен ерекшеленеді. Достық – баға жетпес бай­лық дейміз. Іргелі достыққа жету үшін ауқымды жұмыстар атқарумен бірге, қоғаммен мә­дени байланыстар орнату қа­жет екені аян. Осыған орай, ор­талықтың жанынан құрыл­ған мәдени мұра секциясы, ақсақалдар тобы, әжелер тобы, ардагерлер тобы, «Шаңырақ» клубы, «Достық» үйірмесі, патриот жастар клубы, «Шын жүректен» қайырымдылық қоры, «Ынтымақтың» жастар қанаты, ғылыми-сараптамалық секция, «Ушу-санда» спорт клубы облыстағы өзге этнос­тар­мен тығыз байланысып жұ­мыс жүргізуде. Әр секция ар­найы іс-жоспар түзіп, достық­тың ны­ғаюына белсене атсалысуда. Бұл күнде Ассамблеяның 20 жылдығында орталықтың мойнына жүктеген шаруасы көп. Орталықтың төрайымы Гауһар Төлепованың айтуынша, Ассамблея жылын ұйымдастыру және өткізу жөнінде іс-шаралар жоспар бойынша атқарылып келеді.

          «Ынтымақтың» мүшелері күннен-күнге көбейіп келеді. Қазір  бірлестік мүшелерінің ішінде  сан қырлы мамандық иелері бар. Есепші де, кәсіпкер де, өнер адамдары да осында. Басым бөлігі-зейнеттегі ұстаздар. Соған қарамастан олар өте белсенді. Мәселен ақжаулықты аналарымыздан құралған «Әжелер» ансамбілінің өнеріне бұл өңірде тәнті болмаған жан жоқ. Іс-шаралардың барлығында ән салып, елмен етене араласып жүретін көпті көрген әжелер көпшілік ортада әрдайым салт-дәстүрін насихаттап келеді.  

Айнұр Оңғарбаева.

 
Көрілді: 1398
Жаңартылған: 11.08.2015 | 17:02
Категориялар: Ынтымақ, Басты жаңалықтар