Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Өзге ұлттардың 69 пайызы қазақ тілін біледі

04.05.2015 | 11:00
Өзге ұлттардың 69 пайызы қазақ тілін біледі

 

Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша биыл да  Оңтүстік Қазақстан облысында 1 мамыр—Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде аталып өтті. Облыс басшысы Асқар Мырзахметов өңір халқын  ел мен елді, ұлт пен ұлысты жақындастырған, ынтымағымызды паш еткен осынау мерейлі мерекемен құттықтады.

--Отанымызда тiлi мен дiни сенiмi әртүрлi ұлттардың салт-дәстүрiн сақтауға, оқып-үйренуге толық жағдай жасалған. Бүгiнгi Қазақстан берекелi бiрлiк пен ырысты ынтымақтың мерейлi мекенiне айналды. Бiр шаңырақ астына топтасқан түрлi ұлт өкiлдерi елдiгiмiздi танытар игi бастамаларға қолдау көрсетуде,--деді Асқар Исабекұлы өзінің құттықтауында.

Жалпы халқы тығыз қоныстанған Оңтүстікте жүзден астам ұлт тұрады деп есептеледі. Облыстағы 2 621 523 адамның 72,6 пайызын қазақ ұлты құрайды. Қазақ ұлтынан кейінгі үлкен диаспора - өзбектер --16,5 пайызды, орыстар--5,1 пайызды, тәжіктер--1,2 пайызды, әзірбайжандар--1,1 пайызды құраса, қалған 3,5 пайызы өзге ұлт өкілдері.  Өзге ұлт өкілдерінің 83,4 пайызына мемлекеттік тілді және өз ана тілдерін оқып-үйренуіне толық жағдай жасалған. 20 этномәдени орталықтың төрағаларымен өзара қарым-қатынасты нығайту мен іс-шаралар өткізу жөніндегі меморандумға қол қойылған.

Өзге ұлт өкілдерінің 69 пайызы мемлекеттік тілді меңгерген. Мемлекеттік қызметшілердің 95,6 пайызы мемлекеттік тілде іс-қағаз жүргізе алады.

О.Жәнібек.

 
Көрілді: 3629
Жаңартылған: 19.05.2015 | 17:54
Категориялар: Бейне-материалдар, Ынтымақ туралы басты жаңалықтар, Ынтымақ, Басты жаңалықтар
Тақырып бойынша категориялар: Бейне-материалдар