Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Адвокат: Денис Тенді тапсырыспен өлтірген болуы мүмкін

26.12.2018 | 14:40
Адвокат: Денис Тенді тапсырыспен өлтірген болуы мүмкін

Қазақстандық танымал спортшы, тонау үстінде қаза тапқан Денис Теннің анасының адвокаты қылмыс тапсырыспен болуы мүмкін деп мәлімдеді. Бұл жөнінде Нұрлан Өстеміров алдын ала тыңдау кезінде мәлімдеп, істі прокурорға қайта тергеуге жіберуді талап етті.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты сот процесі ашық, мемлекеттік тіл – қазақ тілінде өтеді. Айыптаушылар – Нұралы Қиясов, Арман Құдайбергенов және Жанар Толыбаева. Олардың жастары 25-ге жетпейді. Тыңдау кезінде жәбірленуші (Денистің анасы) және айыпталушы талап соттан журналистерге түсіруге тыйым салуды сұрады. Сот олардың өтінішін қанағаттандырды.

Сонымен бірге сот бірнеше өтінішті қарады. Денис Теннің анасы – Оксана Теннің адвокаты Нұрлан Өстеміров істі прокурорға қайта тергеуге жіберуді талап етті. Адвокат өлімге тапсырыс беруі мүмкін деп есептейді. Олай болса, іске қатысты барлық күдіктілер сотта отырған жоқ дейді.

"Істегі айғақтарда қарама-қайшылық бар. Оның жалпы жиынтығы шамамен 14. Бұл - қылмыс тапсырыспен болғанын көрсетеді. Сондықтан істі жан-жақты зерттеп, өзге де күдіктілерді тарту керек. Олардың азғырушы, ұйымдастырушы екенін көруге болады", – деп мәлімдеді Өстеміров. 

Ішінде жеті айлық нәрестесі бар Жанар Толыбаеваның адвокаты сот қорғауындағы азаматты ақтап шығады деп есептейді. Оның сөзінше, тонау туралы ештеңе білмеген. Сондықтан да оған "қылмыс жайында хабар бермеді" деген айып таққан.

Істі жүргізіп жатқан судья Кеңшілік Абдельдинов істі қайта қарауға жіберуден бас тартып, сот отырысын 2019 жылдың 3 қаңтарына белгіледі.

 
Көрілді: 1434
Жаңартылған: 26.12.2018 | 14:44
Категориялар: Басты жаңалықтар, Спорт