Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

7 қазақстандық спортшы допинг дауына ілікті

07.09.2018 | 10:34
7 қазақстандық спортшы допинг дауына ілікті

Жеті қазақстандық спортшы допинг дауына ілікті. Бұл туралы Қазақстанның ұлттық антидопингтік орталығының ресми сайтында жарияланды.

Мәліметке сәйкес, допинг дауына ілінгендер қатарында велошабандоз Виктор Окишев, Роберт Карнаухов (нандролон, кломифен), жүзгіш Риат Жұмағұлов (метилгексанамин, хигенамин) және жеңіл атлеттер Евгения Фондюшина (сибутрамин), Александр Лях (метилгексанамин), Игорь Кондратьев (метилгексанамин) және Вероника Брославская (мельдоний) бар.

2018 жылғы тексерісте Окишевтың қанына эритропоэтин препараты табылды. Сондықтан спортшы 2018 жылғы 1 шілдеден 2026 жылғы 30 маусымға дейін сегіз жылға спорттан шеттетілді.

 
Көрілді: 890
Жаңартылған: 08.09.2018 | 10:36
Категориялар: Басты жаңалықтар, Спорт