Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Шымкенттіктер көкпарды сүйеді

Көкпарға 12 миллион мен 15 автокөлік тігілген

05.03.2018 | 11:26
Шымкенттіктер көкпарды сүйеді

Ұлттық салт-дәстүрге берік Оңтүстік Қазақстан облысында соңғы жылдары көкпар ойыны жиі өткізілуде. Жақында Instagram желісінде Бауыржан Кәріпов есімді азамат Шардара ауданында ұйымдастырылған көкпардан түсірген шағын  видеосын жүктеді. Желіде қызу талқыға түскен видеода халықтың көп жиналғаны байқалады. Тіпті жердің шеті көрінбей қалған деп жазады NUR.KZ порталы. Тартысты өткен ұлттық ойынға 12 миллион теңге мен 15 автокөлік тігіліпті.  "Сұмдық енді. Айтыс ойнамай қалды ғой. Өздері “Европа футболды сүйсе, шымкенттіктер көкпарды сүйеді” деп қояды. Тукаша айтсақ, көкпарға жиналған адамдардан жердің шеті көрінбейді ғой", - деп жазған видео авторы.

 

 
Көрілді: 8232
Жаңартылған: 05.03.2018 | 11:35
Категориялар: Басты жаңалықтар, Спорт