Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Головкинді басып озған боксшы кім?

11.12.2017 | 18:10
Головкинді басып озған боксшы кім?

Екінші жартылай орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері Василий Ломаченко (10-1, 8 КО) кубалық Гильермо Ригондоны (17-1, 11 КО) жеңгеннен кейін BoxRec.com порталында салмақ дәрежесіне қарамай жасалатын рейтингте екінші орынға көтерілді деп хабарлайды vesti.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Еске салайық, Ломаченко мен Ригондо арасындағы кездесу 9 желтоқсан күні Нью-Йорк қаласындағы BoxRec.com спорт кешенінде өтіп, украиналық боксшының жеңісімен аяқталды.

Алтыншы раундтан кейін Ригондо кездесуді жалғастырудан бас тартып, карьерасында бірінші рет жеңілді. Бұл жеңістен кейін Ломаченко BoxRec.com порталының P4P рейтингінде екінші орынға шықты. Ал орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеуінің иегері Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) болса үшінші орынға түссе, мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) көш бастап тұр
 
Көрілді: 946
Жаңартылған: 11.12.2017 | 18:16
Категориялар: Басты жаңалықтар, Спорт