Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Капитал амнистиясы кезінде де табысын жасырушылар аз болмайды

Бұған дейін елімізде 2014-2015 жылдары капиталға рақымшылық

28.09.2013 | 18:35
Капитал амнистиясы кезінде де табысын жасырушылар аз болмайды Саясаттанушы Құбаш Меңдіғалиев 2001 жылы өткен капитал амнистиясынан

Бұған дейін елімізде 2014-2015 жылдары капиталға рақымшылық жасау науқанының жүргізілетіні хабарланған болатын. Саясаттанушы Құбаш Меңдіғалиев 2001 жылы өткен капитал амнистиясынан соң да шетелге миллиардтаған капиталдың сытылуы мен көлеңкелі экономиканың ұлғаюы тоқтамағанына назар аударады. "Капиталдың келуі мен кетуінің басты факторы – сенімділік пен оған кепілдік.

Сенімділік болмаса, қанша жерден амнистия жарияласаң да көлеңкелі капиталдың сыртқа ағылуына тоқтау салу қиын.

Көлеңкелі экономикамен күресудің қатты жолы сыбайлас жемқорлығы үшін жаппай жазалау болса, жұмсақ жолы – қалтарыстағы капиталға рақымшылық жасау. Бұл жолы мәжбүрлі түрде жұмсақ жолы таңдалды. Жалпы халыққа бағытталғанымен бұл науқанға санаулы топ өкілдері: контрабандамен байығандар, өте ірі бизнес иелері, негізгі иесі шенеуніктер болып саналатын компаниялардың акция пакеттері, банктегі үлкен сомадағы салымдар, офшордағы қаржы иелері қатысуы мүмкін, - дейді ол.

Саясаттанушы бұл науқанның билік пен заңды-заңсыз жолмен байлыққа кенелген ірі қаржы топтары арасындағы өзараымыраластық форматында өтетінін айтады. Бірақ мұның өзінің айтарлықтай нәтиже бере қоюы екіталай. "Тасадағы біршама қаржыға рақымшылық жасалады. Сөйтіп, іштегі-сырттағы қаржының елге қарай ағылуын жоққа шығаруға болмайды. Науқан 100%-дан 20-25%-дай нәтиже беретін шығар. Егер 20-25 миллиард доллар ақша елге қарай құйылса, бұл науқан нәтижелі болар еді. Өкінішке, қарай, оған сену қиын", - дейді Құбаш Меңдіғалиев.

Көрілді: 2184
Жаңартылған: 26.04.2014 | 08:09
Категориялар: Қоғам, Спорттағы басты жаңалықтар, Спорт