Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Арман Оспанов UFC-ге қашан өтеді?

11.08.2017 | 10:53
Арман Оспанов UFC-ге қашан өтеді?

    Жақында "ALASH PRIDE" президенті Данияр Қасқарауов пен клуб спортшылары Арман Оспанов жəне Асылжан Бақытжанұлының қатысуымен баспасөз-мәслихаты өтті. 

     Жиын барысында "ALASH PRIDE" клубы АСВ промоушенімен бірлесе отырып, 9-қыркүйекте, Алматы қаласының 1001 жылдығы құрметіне, Алматы əкімдігінің қолдауымен, аралас жекпе-жектен үлкен халықаралық "АСВ-69" турнирін өткізетіні белгілі болды.

    "Алматы-аренада" өтетін бұл ММА бəсекесінде Арман Оспанов басты жекпе-жекке шығады. Оның қарсыласы таяу күндері белгілі болады. Оспанов аталмыш турнирде əлемдегі рейтингі жоғары жекпе-жек шеберлерінің бірімен айқасқа түспекші. Жеңіске жеткен жағдайда, Арман үшін UFC келісімшартына қол қоюға зор мүмкіндік туады.Осы жекпе-жекке дайындалу үшін отандасымыз жақын күндері Махачкалаға (Ресей) оқу-жаттығу жиындарына аттанады.

    АСВ-69 турнирінде жалпы 12 жұп өнер көрсетеді. Сегіз бұрышқа шығатын спортшылардың ішінде 7 қазақстандық жекпе-жек спортының шеберлері бар. Олар: Асылжан Бақытжанұлы, Асу Алмабаев, Қаршыға Дәуітбек, Евгений Егембердиев, Бақытжан Несіпбек. Сонымен қатар бұл кеште өзбек өрені Мурод Хантураевтың да өнер көрсететіні белгілі болды. "ALASH PRIDE" клубының намысын қорғайтын бұл спортшылар қазір Тайланд еліндегі оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

    Бір айта кетерлік жайт, АСВ-69 халықаралық турнирінде əлемнің 10-ға жуық мемлекетінің бетке ұстар спортшылары айқасқа түсетін болады. АСВ промоушені - дүниежүзі бойынша даму қарқыны жағынан, атақты UFC-ден кейін, Bellator ұйымымен екінші орынды өзара бөлісіп тұр. 

"Рейтинг" газеті

 
Көрілді: 343
Жаңартылған: 11.08.2017 | 10:58
Категориялар: Басты жаңалықтар, Спорт