Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Ағасы президент, інісі вице-президент

31.07.2017 | 15:38
   Ағасы  президент, інісі вице-президент

      

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәли Әлиев Қазақстанның Альпинизм және  спорттық құзға өрмелеу федерациясының президенті болды. Бұл туралы аталған федерацияның баспасөз қызметі хабарлады. Н.Әлиев бұл қызметке 26 шілдеде өткен федерацияның кезектен тыс конференциясында сайланған. Айта кетейік,  Нұрәли Алиев бұған дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған болатын. Қазіргі уақытта кәсіпкерлікпен айналысады. Оның інісі Айсұлтан Назарбаев биыл Қазақстанның  футбол федерациясының вице-президенті лауазымына сайланғаны белгілі.

 
Көрілді: 699
Жаңартылған: 31.07.2017 | 15:45
Категориялар: Басты жаңалықтар, Спорт