Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Танымал боксшы жанжал шығарып, судьяны нокаутқа жіберді

22.07.2017 | 18:52
Танымал боксшы жанжал шығарып, судьяны нокаутқа жіберді

Шымкентте футболсүйер қауымның кезекті кездесуі жанжалмен аяқталды. Ойын кезінде Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Еркебұлан Шыналиев судья Бейбарыс Сарыбаевтың шешімімен келіспей оны нокаутқа жіберген деп хабарлайды NUR.KZ.

Куәгерлердің айтуынша, Шыналиевтің командасы 3:0 есебімен жеңіліп жатқан. Боксшы мен судья арасындағы жанжал содан басталған.

Боксшы өзіне бірнеше мәрте ескерту жасаған судьяның жағынан ұрып, нокаутқа жіберген. Қазіргі таңд судья ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның жағдайына қатысты пікір білдірмеді.

Осы оқиғаға қатысты жәбірленуші тарап полицияға арыз түсірген. Құзырлы органдар істің мән-жайын анықтап жатыр.
 
Көрілді: 2475
Жаңартылған: 22.07.2017 | 18:59
Категориялар: Басты жаңалықтар, Спорт