Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Головкин допингтік тексеруден өтті

18.07.2017 | 11:45
Головкин допингтік тексеруден өтті

WBC WADA-мен бірлесіп «Таза бокс» бағдарламасы аясында боксшылардың 2017 жылдың бірінші жартысында тыйым салынған заттарды пайдаланғандығына байланысты жүргізген тексерудің нәтижесін жариялады. Тексеруге 72 боксшы тартылды. Олардың көбі бұл бақылаудан бірнеше рет өткен. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин және оның мексикалық қарсыласы Сауль Альварес допинг- сынамада тыйым салынған заттар табылмаған спортшылар қатарына енді. Сондай-ақ, «таза» боксшылардың арасында GGG-дің бұрынғы қарсыласы америкалық Дэниэл Джейкобс та бар, деп хабарлайды Sports.kz.

 

 
Көрілді: 860
Жаңартылған: 18.07.2017 | 11:49
Категориялар: Басты жаңалықтар, Спорт