Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Румыния Қазақстанмен матчты көрермен саны аз стадионға ауыстырып тастады

10.07.2017 | 10:17

5 қазан күні Румыния мен Қазақстан арасында 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінің матчы өтеді, деп хабарлайды Sports.kz. Румыния футбол федерациясы осы матчты тамашалайтын адамдардың аз болуы мүмкіндігін ескеріп, Бухаресттегі 55 мың орындық стадионды Плоешти қаласындағы 15 мың орындық стадионға ауыстыру туралы шешім шығарды. Айта кетейік, бұл матчпен Румыния 2018 жылғы Әлем чемпионатының квалификациясын аяқтайды. «Е» тобындағы турнирлік жағдай келесідей: Польша - 16 ұпай, Черногория - 10, Дания - 10, Румыния - 6, Армения - 6, Қазақстан - 2.
 

 

 
Көрілді: 449
Жаңартылған: 10.07.2017 | 10:22
Категориялар: Басты жаңалықтар, Спорт