Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Головкинді жекпе-жекке шақырған Гарри О'Салливан ең үздік боксшы атанды

15.06.2017 | 15:59

    Ирландиялық боксшы Гарри О'Салливан (25-2, 17 КО)WorldBoxingNews порталына берген сұхбатында алдағы уақытта өтуі мүмкін деген қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) арасындағы кездесуге болжам жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz. 2016 және 2017 жылдары Головкин мен Сондрестің командалары келіссөздер жүргізген еді. Бірақ екі ретте де командалар келісімге келе алмады. Ал 2016 жылдың мамырында О'Салливан командасымен бірге атышулы Бораттың киімін киіп, Головкинді жекпе-жекке шақырған болатын. 2013 жылдың маусымында ирландиялық боксшы төрешілердің шешімі бойынша Сондерстен жеңіліп қалған болатын.

  "Билли Джоны қатты сыйлаймын. Жекпе-жек кезінде ол маған біраз қиындықтар туғызған болатын. Тіпті кейбір сәттерде оған қарсы еш амал жасай алмай қалдым. Оның соққылары өте мықты. Сондерске қарсы жекпе-жек мен үшін сәтсіз болды. Менің ойымша, ол - орта салмақтағы ең үздік боксшы. Ол GGG-мен кездесетін болса, оңай жеңіске жетеді", - дейді О'Салливан. Келесі жекпе-жегін О'Салливан ұлыбританиялық Мартин Мюрреймен (35-4-1, 16 КО) өткізгісі келеді. Ол кезегінде Мюррей 2015 жылдың ақпан айында Головкиннен жеңіліп қалған еді.

  "Келесі кездесуімді Мартин Мюррейге қарсы өткізгім келеді. Ол нағыз джентльмен. Мен онымен бірнеше рет спарринг өткізгенмін. Бұл жақсы кездесу болатын еді. Қыркүйек айында өткізетін жекпе-жегімді күтейік. Содан соң Мюрреймен кездесе алмайтын болсам, Мигель Коттомен келіссөз бастаймыз. Менің менеджерімнің Golden Boy Promotions компаниясымен қарым-қатынасы жақсы. Сондықтан да бұл кездесуді ұйымдастыра аламыз", - дейді О'Салливан.

    Айта кетейік, Головкин келесі кездесуін 17 қыркүйекте Лас-Вегаста мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (49-1-1, 34 КО) қарсы өткізеді. Сондерс те өзінің келесі кездесуін қыркүйек айына жоспарлап отыр. Оның шілде айында Автандил Хурцидзеге (33-2-2, 24 КО) қарсы жоспарланған кездесуі грузиялық боксшының қамауға алынып қалғанына байланысты кейінге шегерілді. -деп хабарлайды TengriNews сайты.

 

 
Көрілді: 885
Жаңартылған: 16.06.2017 | 10:15
Категориялар: Спорттағы басты жаңалықтар, Спорт