Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Питер Куллин қазақ боксына баға берді

15.06.2017 | 09:24

 Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров Prosports.kz редакциясына берген сұхбатында америкалық танымал боксшы Мейвезердің өзі келіп рейтингін сұрағанын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

  Жанқош шетелдіктердің Қазақстанды GGG деп, Гена арқылы танитынын және қазақ боксшыларына америкалық кәсіпқой боксшы Питер Куиллин ерекше баға бергенін атап өтті.

  "Питер Куиллин менің Нью-Йорктегі боксымда болып, қазақтар мықты дейді. Сендердің стильдерің бөлек, ерекше бір күш бар", - деп атап өтті дейді боксшы.

Сондай-ақ, Жанқош Мейвезер келіп, өзінен рейтингін сұраған сәтін де есіне алып, шетелдік әріптестерінің қарапайымдылығына сүйсінді.

 

"Мейвезердің өзі келіп менен рейтингің қанша деп сұрады. Мен баласымен спарринг жасағам. Ол кезде 5.0 болатын. Одан кейін спаррингте баласына жанкүйер болып келіп тұратын. Онымен залда екі жыл бірге жүрдік, өзі қарапайым, кез-келген адаммен суретке түсе салады", - дейді Жанқош.

Сондай-ақ жақында ғана нәрестелі болған Жанқош әке болудың ерекше бақыт екенін атап өтті.

"Бұл басқаша сезім екен. Шынын айтсам қызымның дүниеге келуі жеңіске жетуіме жігер, күш-қуат берді. Соңғы салмақ түсіретін уақытта қызымды ойлап, көңіл-күйім тамаша болып жүрді", - дейді Жанқош.

 
Көрілді: 439
Жаңартылған: 15.06.2017 | 10:21
Категориялар: Спорттағы басты жаңалықтар, Спорт