Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Он алтынмен шектелдік

26.02.2017 | 14:38

Әлеуметтік желідегі парақшасында журналист Руслан Меделбек қысқы бәсеке туралы былай деп жазды: «Қысқы Азия ойындары аяқталды. Астана мен Алматыда 32 алтын алып едік, Жапонияда он алтынмен шектелдік. Жалпы алғанда жап-жақсы нәтиже. Коньки, шаңғы, қыздар хоккейінде  – регресс. Қазақстанда өткен Азия ойындарында қыздар чемпион болған. Конькишілер бір алтын, екі күміс, екі қола әперген. Саппорода қыздар Тайланд пен Гонконгты жеңіп, қола алды. Конькиде алтын жоқ. Сол сияқты шаңғышылар Саппорода бір алтын ғана иеленді. Алматыда алты алтын алған едік... Өлшей беріңіз. 

Биатлоннан Галина Вишневская мүмкін болған төрт алтынды алып, Азиаданың абсолютті чемпионы атанды. Мультимедалист. 
Фристайлдан Юлия Галышеваға могулда көпе көрнеу алтынды бермей қойған сияқты көрінді. Іріктеуде екі рет жапониялықты озады, бірақ финалда 0.18 ұпай ұтылып қалады... Фристайлшылар сұхбатында «жарыс Жапонияда өтіп жатқанын ұмытпайық» деген еді. 
Мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен өз спорттық карьерасындағы ең төменгі ұпайын алған болар. 10-орын. Одан озған Филиппин мен Малайзия фигуристары «Азиадада Денис Теннен жоғары орын алғанбыз» деп жүреді енді.
Есесіне, Элизабет Тұрсынбаеваның қоласы алтынға тең. 
Бір минусы, бұл жарыстың аурасын Қазақстан жанкүйерлері әлеуметтік желіде ғана сезді. «Қазспорт» жарысты көрсетуге құқық сатып алмаған. Қымбат деседі. Азиада кезінде универсиаданың қайталауын ғана көрді».

 
Көрілді: 339
Жаңартылған: 26.02.2017 | 14:41
Категориялар: Басты жаңалықтар, Спорт