Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Головкин Астанада жұдырықтасуы мүмкін

13.02.2017 | 17:19

Кейбір ақпарат көздері таратқан дерекке сенсек, Геннадий Головкин алдағы кездесулерінің бірін Астанада өткізуі мүмкін. Бұл туралы Sport.kz хабарлады.

Геннадий Головкин мен Билли Джо Сондерс Астанада өтетін EXPO-2017 халықаралық көрмесінің аясында 10 маусымда жұдырықтасуы мүмкін. Мұны беделді спорт журналистері Фернандо Барбос пен Дэн Рафаэль әлеуметтік желідегі өздерінің парақшасында жазған.

Бұған дейін WBO Сондерсті титулын қорғау үшін Автандил Хурцидземен жұдырықтасуға міндеттеген. Алайда Головкинмен кездесу қызығырақ болғандықтан, оған осындай мүмкіндік берілетін сияқты.

Дегенмен де Головкиннің промоутері Том Леффлер бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.   

 
Көрілді: 440
Жаңартылған: 13.02.2017 | 17:22
Категориялар: Басты жаңалықтар, Спорт