Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Жақиянов – чемпион!

11.02.2017 | 13:35

Бүгін таңертең Американың Толедо қаласында WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов пен америкалық Роуши Уоррен әлем чемпионы титулы үшін таласты. 12 раундтан тұрған кездесу қазақстандықтардың жеңісімен аяқталып, Жақиянов чемпион атанды.

Жанат жекпе-жекті сәтсіз бастады. Ол алғашқы раундта екі рет нокдаунға түсті. Ал қалған раундтарда ZZ (Жақияновтың рингтегі лақап аты) қарсыласын әбден сабады. Төрешілердің шешімімен есеп 111-115/115-111/116-110 болып, Ж.Жақияновтың пайдасына шешілді.

Жақияновты жеңеді деп ешкім ойламаған. Көрермендер былай тұрсын, бұл жерлесіміздің өзі мен бапкері Рикки Хаттон үшін де күтпеген жағдай болды. Жанат Жақиянов  30 мың доллар гонорар алады. Ал Уоррен 150 мың доллар аламын деп шарт қойған екен.

 
Көрілді: 600
Жаңартылған: 11.02.2017 | 13:37
Категориялар: Басты жаңалықтар, Спорт