Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Жастарымыз финалда тағы жеңілді

08.02.2017 | 17:39

 

Хоккейден Универсиада-2017 финалында бүгін Қазақстан мен Ресей командасы кездесті. Финалдық ойын «Халық Аренада» өтті. Тартысты бәсекенің 42-минутына дейін есеп ашылған жоқ. Тек сағат тілі 43-минутқа ауғанда Нижегородскінің «Торпедосында» ойнайтын Даниил Илин айласын асырып, қақпамызға гол соғып кетті.

Осылайша Ресей жастары осымен үшінші мәрте Универсиада жеңімпазы атанды. Ал Қазақстан құрамасы үшінші рет қатарынан күмісті місе тұтты.

Финалдық ысқырық шалынған сәтте Ресей құрамасының жаттықтырушылары сапындағы әлдекім айтуға ауыз бармайтын сүйкімсіз әрекет жасады. «Халық Аренада» спортшылардан бөлек, лауазымды тұлғалардың да отырғанын ескеріп, ресейлік азаматтың астамшыл әрекеті жазасыз қалмайды деп үміттенеміз.   

 
Көрілді: 499
Жаңартылған: 08.02.2017 | 17:44
Категориялар: Басты жаңалықтар, Спорт