Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Универсиада-2017: Алтынның саны сегізге жетті

03.02.2017 | 16:08

 

Бүгінгі жарыс күнінде қазақстандық спортшылар екі алтын, бір қола медаль жеңіп алды. Паралельді могулдан финалда Дмитирий Рейхерд орыс спортшысы Сергей Шимбуевті ұтты. Қола жүлде тағы бір қазақ спортшысы Павел Колмаковқа бұйырды.

Бәсекенің дәл осы түрінен әйелдер арасында біздің спортшымыз Юлия Галышева ресейлік спортшыны 17:8 есебімен шаң қаптырды.

Осылайша, Ұлттық құраманың қоржынында алтын жүлденің саны сегізге жетті. Жалпы есеп бойынша Қазақстан құрамасы Ресейден кейінгі екінші орында тұр.    

 
Көрілді: 480
Жаңартылған: 03.02.2017 | 16:14
Категориялар: Басты жаңалықтар, Спорт