Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Жансая – ең сұлу шахматшы

03.02.2017 | 14:27

 

Қазақтың шахматшы қызы Жансая Әбдімәлік «Еуразия кеңістігіндегі ең әдемі шахматшы» атағын жеңіп алды. Бұл туралы ақпаратты vesti.kz жариялады. Жансаяға Өзбекстан, Тәжікстан, Иран, Үндістан, Қырғызстан, Әзірбайжан және Польша елдерінің көрікті шахматшы қыздары бәсекелес болған. Қарсыластарынан оқ бойы озып шыққан қызымыз  9 136 дауыс жинаған.

«Еуразияның ең әдемі шахматшысы» деген конкурсқа қатысамын деп ойламап едім. Шахматта мұндай нәрсе сирек болады. Ұйымдастырушылар жарады, осындай тәсілмен шахматты насихаттауды қолға алыпты. Шахмат тақтасынан тыс жерде де жеңіске жеткен жақсы ғой. Маған дауыс бергендердің бәріне алғыс айтамын» дейді Жансая Әбдімәлік.

 
Көрілді: 603
Жаңартылған: 03.02.2017 | 14:30
Категориялар: Басты жаңалықтар, Спорт