Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Головкин - Рубио кездесуінің жеңімпазы Мигель Коттомен жұдырықтасады

25.08.2014 | 09:07

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) пуэрторикалық боксшы Мигель Коттоны Головкин – Рубио жекпе-жегінің жеңімпазымен жұдырықтасуды міндеттеді деп хабарлайды Чемпионат.com. 

Айта кету керек, Марко Антонио Рубио WBC белбеуінің уақытша иегері. Ал, Котто дәл осы нұсқа бойынша тұрақты әлем чемпион. Коттоның өзі бұған дейін Головкинмен кездескісі келмейтінін айтқан болатын. Оның бапкері қазақстандық боксшы атақты емес деп, бұл жекпе-жектен бас тартқан еді. Енді Коттоның алдында екі-ақ таңдауы бар: Головкин-Рубио кездесуінің жеңімпазымен жұдырықтасу немесе чемпиондық белбеуден бас тарту.
baq.kz

Көрілді: 1065
Жаңартылған: 25.08.2014 | 09:10
Категориялар: Спорттағы басты жаңалықтар, Спорт