Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Эйфель мұнарасының баспалдағы 169 мың еуроға сатылды

28.11.2018 | 20:03
Эйфель мұнарасының баспалдағы 169 мың еуроға сатылды

Эйфель мұнарасы баспалдағының бір бөлігі Париждегі аукционда 169 мың еуроға сатылды. Лотаны Таяу Шығыстан келген белгісіз коллекционер иеленді, деп хабарлайды BFMTV телеарнасы.

Сауда-саттық сейсенбі, 27 қарашада Париждегі Artcurial аукцион үйінде өткен. Сатылған  фрагменттің биіктігі 4,3 метрді, салмағы - 900 келіні құрайды. Шиыршықты баспалдақтың бұл бөлігі 1889 жылы Эйфель мұнарасының екінші және үшінші қабатын жалғастырып тұрған.

Лотаның бастапқы құны 40-50 мың еуроны құраған. Таяу Шығыстан келген коллекционер оны сауда басталған соң бірнеше минут өткенде сатып алған, деп нақтылайды телеарна.

1889 жылы Густав Эйфель жасаған баспалдақ 1983 жылы демонтаждалған.

 
Көрілді: 923
Жаңартылған: 28.11.2018 | 20:06
Категориялар: Басты жаңалықтар, Саясат