Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Ресейдегі жұмысшылардың жаппай төбелесіне Қазақстан азаматтары да қатысқан

25.11.2018 | 10:32
Ресейдегі жұмысшылардың жаппай төбелесіне Қазақстан азаматтары да қатысқан

Ресейдегі жаппай төбелеске Қазақстан азаматтары да қатысқан. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев айтты.

«Видеодағы оқиға осы жылдың 22 қарашасында Ресей аумағындағы Амур облысында салынып жатқан газ өңдейтін зауыттың құрылысында орын алған. Жұмысшылардың жаппай төбелесіне Тәжікстан азаматтары жəне біздің отандастарымыз да қатысқан. Жергілікті құқық қорғау органдары мəн-жайды анықтап жатыр. Кінəлілердің барлығы анықталған», - деді Алмас Садубаев.

 
Көрілді: 741
Жаңартылған: 26.11.2018 | 10:34
Категориялар: Басты жаңалықтар, Саясат